Мектебімізде 7-10 сынып арулары арасында "Көктем аруы - 2024" байқауы өтті.
Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Бағдарламада:
1. "Мен қазақтың қызымын" таныстыру
2. "Өнерлі өрге жүзер" өз өнерлерін көрсету.
3. "Қыздарға әсемдік жарасады" шаш өру үлгісі.
4. "Үй тапсырмасы" (қолөнер бұйымдарын жасап әкелу).