Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Ораз Жандосов атындағы шағын-орталықты орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    "Қызға қырық үйден тыйым" қыздар жиналысы

    "Қызға қырық үйден тыйым" қыздар жиналысы

    🌸Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз «Қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.
    🏫Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде "Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтары мен сабақтастығы" атты "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында 7-11 сынып қыздары арасында қыздар жиналысы болып өтті.
    ✅Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен қате жолға түспеуге тәрбиелеу.
    🔷Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қосжан Еламан Қайратұлы, мектеп психологы Сейдехали Жанерке Сейтқазықызы, педагог-ұйымдастырушы Досмаил Гүлназым Айдарқызы қатысып, өз пікірлерін білдіріп, ақыл-кеңестерін берді.
     
     
     
     
     
     
     
    22.04.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки