Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде төтенше (жер сілкінісі) болған жағдайда еш қорқынышқа бой алдырмай қауіпсіз жерге шығу жұмыс алгоритмі бойынша оқушылармен, педагогтармен, кіші қызметкерлермен сейсмологиялық оқу жаттығуы өткізілді.
Сеймологиялық жаттығудың мақсаты: білім алушылар мен педагогтар, кіші қызметкерлерді жер сілкінісі кезінде еш қорқынышқа бой алдырмай қауіпсіз жерге шығару және практикалық білімдерін арттыру.
Сейсможаттығу барысында дабыл түскен кезде мектеп қызметкерлері мен білім алушылардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттері, эвакуациялау, құтқару, өрт сөндіру, қоғамдық тәртіпті сақтау және медициналық алғашқы көмек көрсету іс-қимылдары туралы сонымен қатар эвакуация жасау кезінде техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына көңіл бөлу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.