Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2-3 сынып оқушылары арасында "Мен оқыған бір ертегі" атты іс-шарасы болып өтті.
Мақсаты: ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту. Ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету, ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, сонымен қатар, қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Дана халқымызда керемет сөз бар. "Ертегілер жақсылыққа жетелер" деген. Оқушыларымыз шара барысында көптеген ертегі кітаптарды оқып, сол оқыған ертегілер туралы өз ойларын, түсініктерін айтып ортаға салды.