Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз «Қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.
Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінде "Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтары мен сабақтастығы" атты "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында 7-11 сынып қыздары арасында қыздар жиналысы болып өтті.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен қате жолға түспеуге тәрбиелеу.
Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қосжан Еламан Қайратұлы, мектеп психологы Сейдехали Жанерке Сейтқазықызы, педагог-ұйымдастырушы Досмаил Гүлназым Айдарқызы қатысып, өз пікірлерін білдіріп, ақыл-кеңестерін берді.