Ашық есік күні - ынтымақтастықтың көрсеткіші. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагогтары мен оқушыларының бірлескен жұмыстарын ұйымдастырудың формалары мен әдіс-тәсілдеріне талдау жасай отырып, оқушыларды заман талабына сай дамытуда екі тараптан да бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қарастыру, ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық жұмыс мазмұнының тиімділігін сыни тұрғыдан ойлау әдісі көмегімен іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 12 желтоқсанда «Ашық есік» күні өткізілді.
Бағдарлама барысында ата-аналарға мектептің тыныс-тіршілігі таныстырылып, «Көңіл күй» тренингі өткізілді. Ата-аналар ашық сабақтарға қатысып, соңында оқушылар дайындаған «Ата-анама алғысым шексіз» тақырыбында өткізілген концерттік бағдарламаны тамашалады.
Оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтастықта жұмыс істеуі қуантарлық жәй. Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл мектеп пен ата-аналар ынтымақтастығының бір көрінісі.